«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНІҢ «ЖАСТАР ІСІ» СЕКТОРЫ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ БАРДЫ (ФОТО)

08 желтоқсан 2025 117 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әл-Ғани» мешітінің «Жастар ісі» секторы қалалық Қарттар үйіне арнайы барып, ондағы тұрғындармен жүздесіп, рухани кездесу өткізді. Іс-шара аясында жастар «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты тақырыпта тағылымды уағыз-насихат айтып, қарттарға құрмет көрсету – мұсылманның асыл қасиеттерінің бірі екенін жеткізді.

Кездесу барысында мешіт қызметкерлері Қарттар үйінің тұрғындарының хал-жағдайын сұрап, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ ақсақалдар мен әжелер оларға ақ баталарын берді. Жастар қауымы өз тарапынан үлкендердің алғысын алып, олардың көңілін көтеріп, рухани демеу болуға тырысты.

Пікірлер Кіру