Құранды кіндіктен төмен ұстауға болмай ма?

10 маусым 2019 11474 0
Оқу режимі

Ассаламуалейкум! Құранды кеуде тұстан төмен түсіруге болмайды деп естідім. Құранды сөмкеге салып мықынның тұсында ұстауға бола ма?


Жауап

Уа алейкум ассалам! 

Құранды мықынның тұсында не болмаса одан төмен жерде сөмкеге немесе пакетке салуға рұқсат, бұл күнә емес, тек бұл Құранды құрметтемеуден тумаса болды. Сондай-ақ, оңай алу үшін, Құранды ортаңғы немсе төменгі сөреге қойғанда тұрған еш әбестік жоқ.

Алайда ислам мәдениетінде Құранды кеуде тұста ұстау әрі бөлменің ең биік жеріне қою салты таралған. Осылайша адамдар өздерінің Құранға деген құрметін көрсетеді. 

Әрине, Құранға мұндай құрметпен қарау адамның тақуалық дәрежесін көрсетеді. Осылай бола тұрса да, Құранға деген мұндай құрмет діни бұйрық болып табылмайды. Мұндай қарым-қатынасты келесі аятта көрсетілген амалға сай деп бағалауға болады: «Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» (22:32). Алайда Құранға мұндай құрмет көрсетпейтіндерді, Құранға құрмет көрсетпедің деп айыптауға болмайды. 

Сөзсіз, Құранға құрметпен қарау керек. Алайда Құранға құрмет көрсету — оны биікке қою немесе кеуде тұста ұстаумен ғана шектелмеу қажет.  Құранды оқу, Алла Тағаланың айтқандарын түсіну, бұйырғандарын орындап, ал тыйғандарынан тыйылу — Құранға деген шынайы құрмет болып табылады. 

Егер біз осының бәрін жасап жүрсек, онда Құранға лайықты түрде құрмет көрсетудеміз деп айтуға болады.

Тегтер: Құран құрмет
Пікірлер Кіру