Оташев Болатбек Сабыржанұлы

16 желтоқсан 2018 3816 0
Оқу режимі

Қазтұтынуодағы  Арқалық көпсалалы колледжінің тарих, экономика және құқық негіздері пәндерінің оқытушысы. «Ыбырай Алтынсарин» медалінің, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері және бірнеше республикалық марапаттауларға ие болған.

Алла елшісіне арнау

1. Кейде мені қынжылтады бұл заман,
Сауатсыздар көбеюде зар заман.
Көзден аққан тамшы жастың құны жоқ,
Зар заманда жаңылыстым, кім надан.

2. Қандай десе Мұхаммед, айтар едім текті адам,
Әділдік пен мәрттікті Пайғамбарым жақтаған.
Бар сауалды келтірем Расулына Алланың,
Пайғамбарым Мұхаммед, мен осыған мақтанам.

3. Жалған сөйлеп ол өз арын сатпаған,
Жала сөзді жалпы жұртқа айтпаған.
Әр кез мені иландырар ақиқат,
Бар қауымды бауырына баптаған.

4. Патша тағын сезінбеген отбасы,
Құлшылыққа өткен екен көз жасы.
Берді сәби, берді елші оларға,
Құдіреті шексіз күшті Алласы.

5. Атын қойды Мұхаммед деп ата-ана,
Сыйы деді берген мынау Тағала.
Жалпақ жұртқа таныстырды, абырой,
Шексіз ляззат ұйып берген балаға.

6. Ол Мұхаммед сөзге адал Пайғамбар,
Дін әкелді, демек, бізде Алла бар.
Бөлінбеген ұлт, ұлысқа Мұхаммед,
Дейді шіркін, беу өмірін жазғандар.

7. Ерген саны азаймады, көбейді,
Мұхаммедім бар әлемді жебейді.
Ашкөздікпен соғыс ашсаңдағы сен,
Болсын надан, болсын харам, тек мейлі.

8. Мұхаммедім бәрін дінге баулыған,
Пенде айықты айықпайтын аурудан.
Содан бері барша жұртқа мәлім боп,
Аңдып жүрген әр сөздерін аузынан.

9. Үйретті ол ізгі ниет болуға,
Үйретті ол құран, намаз оқуға.
Үйреткені жетіп артар тізімде,
Үйретті ол сөзге адал тұруға.

10. Құдіреті күшті екен Алланың,
Дінге сенгің, илана бер бар қауым.
Мұхаммедтің Мәулет айы келіпті,
Тек Алланың елшісіне арнауым.

11. Мұхаммедім мүміндерін бөлмеген,
Уағыз айтып, құлақты назға тербеген.
Дінге сенер, иланатын сахаба,
Тура жолдан адаспай –ақ, жөнделген.

12. Мені кейде мазалайды сан сұрақ,
Тереземнен жас ағады тамшылап.
Қаһары ма бізге берген Алланың,
Тұратұғын тереземді қамшылап.

13. Бұл Алланың нұры ма екен, күн шуақ,
Түрлі ойлар бұл санамды қынжылтат.
Қаһарына мінбейді ғой Пайғамбар,
Алла ғана нұр себетін, жарқырап.

14. Міне таптым сұрағыма жауапты,
Дінге үйретем, теріс жүрген қазақты.
Әзәзілім көрші болма пендеге,
Мұсылмандар қайсарлы ғой, салмақты.

15. Міне таптым ой –санамның жетегін,
Дінім Ислам, Пайғамбарды сүйемін.
Ақылы мол жас талантты жастарды,
Дінге әкелем, ұстап алып етегін.

16. Мұхаммед деген мен емес, шақырам бірақ дінге де,
Мұхаммед елші ерекше, ұқсамайтын өзгеге.
Сенбесен шіркін, дәлелдер, іспеттес Құран – мұғжиза,
Алланың берген кәләмі, жеткені енді бізге де.

17. Оқы дінді, сауатың сенің көп болсын,
Қазіргі дұшпан Ібіліс көршің жоқ болсын.
Бір айды ауқым алатын Мәулет айымыз,
Мұсылман қауым, Иманға келер құт болсын.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру