Бас мүфти Қордай ауданында жұма намазын өткізді (ФОТО)

15 ақпан 2020 4026 0
Оқу режимі

Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданына арнайы іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қаракемер мешітінде жұма намазын өткізді.

Бас мүфти мешітке жиылған жамағатқа Отанды қорғау, туған елдің қадірі, ымыра мен ынтымақтастық, бірлік пен татулық туралы уағыз айтты.

Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазынан соң жергілікті ауыл халқымен тілдесіп, жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жергілікті тұрғындар Бас мүфтимен сұхбат барысында аймақтағы діни ахуал жайында өз ой-пікірлерін айтты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру