Елорда мешіттеріне қасиетті Құран кәрім тарту етілді (ФОТО)

18 қаңтар 2020 5290 0
Оқу режимі

Бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы құлшылық ордалары үшін қуанышты күн болды. «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының мұрындық болуымен бүгін Елордамыздағы 12 мешітке қасиетті Құран кітаптары тарту етілді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Құран – сөнбес сәуле, жарық нұр» атты игілікті шараға Бас шаһардағы 12 құлшылық ордасының қызметкерлері қатысып, адамзат баласына асыл жол нұсқаған қасиетті кітаптарты мешіттердің ауқымына орай бөлісті.

Бүгінгі шараның мән-маңыздылығына тоқталған «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына алғысын білдіріп, қор директоры Қасым Қасабековке өкілдік атынан «Алғыс хат» табыстады.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің іргестасы құйылып, діңгегі қағылған кезден бастап басы-қасында болып, кейінірек осы мешітте бірер жыл қызмет атқарған Қасым Қасабеков бүгінгі шараға ұйытқы болып, теңізге қосқан тамшыдай болсын үлес келтіргеніне шүкіршілігін айтып, дін қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді. Басқосу барысында сыйға тартылған Құран кітаптарының QR-код арқылы оқуға болатыны көрсетілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру