ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ ХАТЫН ЖОЛДАДЫ

30 сәуір 2024 341 0
Оқу режимі

Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, Доктор Әли Ербаш ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына еліміздің бірнеше аймағында болған су тасқынына байланысты көңіл айту хатын жолдады.

«Қазақстан халқының басына келген осындай қиын-қыстау кезеңдегі ащы қасіретті жан-тәнімізбен сезінгендей күйдеміз. Осынау қиын шақтың тез арада аяқталып, бұдан кейін табиғи апаттардың бауырлас қазақ елінде болмауын тілейміз. Алла Тағала су тасқыны кезінде қайтыс болған бауырларымызды мейіріміне бөлеп, зардап шеккендерге жеңілдік бергей. Түркия Дін істері басқармасы және өзімнің атымнан ыстық ықыласымызды жолдап, әрдайым көмектесуге, қолдау білдіруге дайын екенімізді жеткізгім келеді» делінген Түркия мүфтиінің көңіл айту хатында.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру