ӘКЕНІҢ АҚЫЛЫ

30 қаңтар 2026 77 0
Оқу режимі

Ұлы әкесіне келіп:

- Бітті, ажырасамын! Анам дұрыс айтады - келіншегім жалқау. Қашанғы шыдаймын?-деді.

Әкесі:

- Кешір балам,-деді оған.

- Не үшін кешіруім керек?

- Үнемі анаңмен жақсы қатынаста болмағаным үшін. Ойыңда ажырасу туралы ойдың болуына мен кінәлімін.

- Сонда ажыраспауым керек па?

- Ажыраспа... Ешқандай ажырасу туралы ойың болмайтын болсын.

- Сонда өмір бойына шыдап жүре беруім керек па?

- Соңына дейін шыдаудың қажеті жоқ. Сен келінге шыдап жүрген жоқсың, сен өзіңнің оған деген қарым-қатынасыңа шыдап жүрсің. Өзің өзгере алсаң, ол да өзгереді.

- Сонда қалай өзгереді?

- Келініме Құдай саған үйреткендей қара. Ол - саған Құдай берген сый! Сенің қуанышың... Сенің көмекшің... Балаларыңның анасы... Ол сенің қолыңа берген бір әлсіз құмырадай, сен оны нәзік күйінде абайлап ұстап, сақтауың керек... Қалғанының бәрі - түкке тұрмайтын ұсақ-түйек! Егер қазір келінімнің қолынан бір нәрсе келмесе, уақыт өте келе үйреніп кетеді. Сенің де қолыңнан барлық нәрсе бірдей келе бермейді ғой...

Егер қолынан бір нәрсе келмей жатса, шамаңа қарай махаббатың мен күшіңе салып, жасырып, білдірмеуге тырыс... Егер бір нәрсені білмейтін болса, кешке шәй ішіп отырып, иығынан аялай құшақтап ақырын жеткізуге тырыс. Сен екеуіңнің жолдарың - ол тек сендердің жолдарың. Сендердің махаббаттарың - ол тек сендердікі. Кім көкейіңе оған деген жек көрініш “салатын болса”, сол сендердің отбасыларыңның дұшпаны. Тіпті ол сенің анаң немесе ағаң болса да... Мейлі ол ең жақын жолдасың болса да. Оларды бұл үшін айыптама. Кешіре сал. Және олардың әрқайсысына сен өзіңнің әйелің, өз махаббатың үшін, қажет болса ойланбастан тәуекелге барып, өліп кете алатыныңды жеткіз, ешкімге өз отбасыңа сөз тигізуге мүмкіндік бермейтініңді айт...

- Кезінде сіздерді де ажыратпақ болып па еді?

- Біз арамызға “от салушылар” болмаса да анда-санда ұрысып тұратынбыз. Ақымақ екенбіз ғой сонда, тәкаппар едік... Ал сендерде мүлде басқа заман. Ең бастысы сендерді ешкім Құдайдан алшақтатып жатқан жоқ. Құдайдан даналық сұраудан шаршамаңдар. Бір-біріңе жол бере біліңдер...

Бір-біріңді аяп, жұбатып отырыңдар... Білмейтін болсаң біліп ал, махаббат та өседі. Оның ұлықтығы мен қымбатшылығын тек қартайған шағыңда, сол келіншегіңді үнсіз, аялай құшақтап отырған кезіңде білетін боласың...

 

Надежда Любарская

аударған Жүрсін Кәрім

 

Пікірлер Кіру