БАЛАҢЫЗДЫҢ (ҚЫЗЫҢЫЗДЫҢ НЕМЕСЕ ҰЛЫҢЫЗДЫҢ) КӨРУГЕ НЕМЕСЕ ЕСТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НӘРСЕЛЕРІ
-Аға-інілеріңе немесе әпке-сіңлілеріңе дөрекі сөйлеу – баланың жүрегінде өшпенділік пен жеккөрушілік тудырады. Бұл сезімдер ұзақ сақталып, оның қарым-қатынастарына әсер етеді.
-Балаңыздың көзінше бейәдеп сөздер айтуға болмайды. Себебі ол бұл сөздерді отбасылық қатынас нормасы ретінде қабылдап, қоғамда да сөйлеу әдебі ретінде қолдана бастайды.
-Анасына жаман сөйлеу – балаңыздың сізге де, анасына да құрметін жоғалтады. Одан да бір-біріңізді мадақтап, үлгі көрсеткен дұрыс.
-Балаңыздың көзінше өтірік айту – ол үшін өтірікті қалыпты әрекетке айналдырады. Ертең өзі сізге өтірік айтып, тіпті сіздің өтірігіңізді басқаларға ашып беруі мүмкін.
-Қызыңызды ұлыңыздың көзінше ұрып-соғуға болмайды, бұл оны қыздарды әлсіз көріп, қорлауға бейім етеді. Қыз – әкесінің жанында өзін ханшайымдай сезінуі керек, оны мейірім мен құрмет қоршауы тиіс.
Сол сияқты, ұлыңызды қызыңыздың көзінше қорлауға болмайды, себебі бұл оның абыройын түсіріп, құрметін жоғалтады.
-Баланың тіпті бір күндік сәби болса да, ата-анасының жыныстық қарым-қатынасын көруіне қатаң тыйым салынады, өйткені бұл көрініс оның санасында сақталып, ұмытылмайды.
-Ата-ананың киімін ауыстыруы баланың көз алдында болмауы керек. Бұл оның психикасында бұрмаланған мінез-құлық пен ұятсыздыққа алып келеді.
*Егер балаңызды кішкентайынан дұрыс тәрбиелемесеңіз – ересек кезінде оның бұзылған мінез-құлқына таң қалмаңыз!
Бүгінгі жас ұрпақтың 70%-ындағы тәртіпсіздік пен ата-анаға құрметтің аздығы – көбіне ата-аналардың өзінен туындайды.
Біз оларға тәрбиелі орта, құндылықтарды ұялататын отбасылық тәрбие бере алмадық, тек біліммен шектелдік.
Есіңізде болсын:
Алдымен тәрбие, содан соң білім.
Алдымен жүрек, содан соң ақыл.
Алдымен адам, содан соң азамат.