МҰХАММЕД ӘЛИ: МЕН ҚАЛАЙ МҰХАММЕД ӘЛИ БОЛДЫМ?

22 қазан 2025 1176 0
Оқу режимі

Бала күнімде мен әр нәрсеге қызықтағыш болатынмын, бүкіл әлемді танығым келді, әжеммен бірге шіркеуге барып тұратынмын, ол жерде де қабырғада салынған суреттерге қарап: неге періштелер аппақ? Неге Иса пайғамбар аппақ? Неге барлық жақсылық аппақ? Ал жаман нәрселер қап-қара? Егер сен жаман адам болсаң қара тізімге ілінесің, тіпті шайтанның өзі қара-қызыл?-деп сұрай беретінмін.

Мұнда бір түсінбестік бар. Еуропалықтар миымызды ашытып, дінімізден айырып, бізге жаңа ат берген.

Алтын медаль жеңіп алған соң мен ақ түстілерді орнына қойып қояйын деп, “Downtown” ресторанына бардым. Онда қара түстілерге мүлде кіруге болмайтын. Сонымен мен мойныма алтын медальды тағып алып ресторанға келіп кірдім, олимпиада чемпионымын, бір жақсы тамаққа тапсырма бермекпін, жағдайым жақсы, кедей емеспін деп қоямын, бәрібір мені рестораннан қуып шықты. Америка үшін рингке шығып төбелескенімді (бокстасқанымды) қайтейін, рестораннан тамақ іше алмайды екенмін, сонымен қатты өкпеледім. Теңіз жағасына келдім де медалымды лақтырып жібердім. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.у.): “Исламда расизмге жол жоқ,”-деп айтқанын есіттім. Сосын мен мешітке келдім, аяқ киімімді шештім, көңілім түскен күйі ішіне кірдім, барлық адам тыныштықта отыр, сөйтсем олар намаз уақытын күтіп отыр екен. Мен оларға қызыға қарап отырмын, өз көзіме өзім сенбедім, ақ түстілер мен қара түстілер түк болмағандай бір-бірімен күліп әңгімелесіп отыр, бәрі бірге намазға жығылды, мұның бәрін көрген мен өзімді бақытты сезіндім. Ақ түсті кісінің қара түстіні құшақтап жатқанын көрдім, ол үшін ашық күні найзағай ұрғандай әсер етті, бұның қатты әсер еткені сонша, жылап жібере жаздадым. Мен оларға қарап отырғанымда мешіт имамы келді, ол менімен амандасып, мені бірінші рет көріп тұрмын деді. Мен ол кісіге қарап: мұсылман болғым келеді дедім. Ол иә әрине, намаздан соң,-деді.

Намаздан соң ол кісі мені жанына шақырып алып:

“Алланың жалғыз Құдай екеніне, Мұхаммед Оның Елшісі екеніне куәлік бересің бе?”-деп сұрады. Мен куәлік бердім. Мешіттегі адамдардың бәрі хормен: “Аллаһу әкбар!”-деп жатты. Мен бұған жылап жіберемін деп ойлаған едім, сондағы адамдардың көбісі, тіпті имамның өзі жылап жіберді. Бәрі мені құшақтап, құттықтап жатты. Мен содан соң есімімді Мұхммед Әли қылып өзгерттім. Мен қанша жерден ұлы адам болсам да, тіпті чемпион болғанымда да жылаған емеспін, бірақ мұсылман болғанымда жыладым.

Мен боксерден гөрі мұсылманмын.

 

Дәурен Мұса парақшасынан.

аударған Жүрсін Кәрім

 

Пікірлер Кіру