НАДАНДЫҚ ТУРАЛЫ
Адам баласы табиғатынан ақыл-есі бар болып жаратылғандықтан көптеген жақсы қасиеттердің иесі екендігін бәріміз білеміз.
Алайда, адамдардың кейбіреулерінде барлық жақсы қасиеттерді жоққа шығаратын өте жаман қасиеттер де табылады.
Солардың ішіндегі ең сорақы қасиеттің бірі - надандық.
Ол - адамның жеке басының білімсіздігін,парасатыздығын, қараңғылын,мәдениетсіздігін, ой--өрісінің өте төмендігін білдіреді.
Надандық тек білімсіздікпен ғана анықталмайды, өйткені. ол жоғары білімді адамдар арасында да орын алады.
Надандықтың тағы бір көрінісі--мәңгүрттік. Надан адамда басқаларға деген ізгілік, жылы жүрек деген жоқ. Онда туған жерге, тарихқа, мәдениетке, тілге деген құрмет болмайды. Надан адам халықтың салт--дәстүрін, әдет--ғұрпын, өзінің ата--тегін, сөздің нарқы мен парқын білмейді, білгісі де келмейді, өз пайдасынан басқаны ойламайды.
Исламның әйгілі ғалымы, мистик Сейед бен Тавус: "Ақылды адамға жақын бол, надандарға ұқсамау үшін олардан қашық бол"--деген екен.
Надандық туралы, одан аулақ болу туралы Абайдың қара сөздерінде айтылып, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінде де жазылған.
"Надандық бәріміздің ортақ жауымыз болады. Ғылым гауһар-- бағасы жоқ, надандық деген кесел оның дауасы жоқ." - деген сөз бар.
Оның дәлелі мынадай:
Күндердің бірінде хазіреті Иса серіктерінің бір тобымен сөйлесіп отырған кезде, серіктерінің бірі оған: "Уа, пайғамбар! Сіз Алланың қалауымен өлгендерді тірілтіп, науқастарды емдеп, соқырлардың көзін аштыңыз. Және, сіз, ем қонбайтын алапес сынды жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарды емдедіңіз. Сондай--ақ, сал ауруына шырмалған адамдарды да емдеп, олар төсек тартып жатқан жерлерінен тұратын болды. Енді сіз емдей алмайтын ауру бар ма?"-- деп сұрапты.
Сонда хазіреті Иса: "Иә мен надан адамдарды емдей алмадым" -- деп жауап беріпті.
Әлгі адам қайтадан: "Надандық та аурудың бір түрі ме? Егер ауру болса, оның белгілері қандай?"-- деп сұрайды.
Хазіреті Иса оған: "Надан адам өзіне--өзі риза. Ол өз көзқарасы мен істерін жоғары санап, еш уақытта өзінің қатесін мойындамайды"-- депті.
Ал,енді надандық жайлы ұлы адамдардың айтқандарына назар аударайық,достар:
"Надандық дегеніміз--тозақ одан шығар жол жоқ.
Тозаққа жетектеп кіргізетін-- тек қана надандық".
Рашид--әд--дин
"Надандық - деген ауруды ешкім емдей алмайды. Надан көзі болса да соқыр, тірі жүрсе де өлік.
Надан адам---мәуесіз ағаш".
Жүсіп. Баласағұни
"Өзгенің пікірін иемденіп кету--надандық Һәм ниеті арам адамға лайық.
Тек бір ғана жақсылық бар ол--білім,
Тек бір жамандық бар ол--надандық".
Сократ
"Адамның бойында бір ғана күш бар сойқан. Ол--надандық".
В. Гюго
"Надандық--айсыз, жұлдызсыз--түн".
Цицерон
"Наданға үгіт айтудың керегі жоқ, ол бәрібір ұқпайды".
А. Йугенеки
"Надандар білімді адамды көре алмайды".
С. Сарайи
"Кімде--кім бір нәрсенің пайдалы немесе зиян екенін білмесе, онда өзінің надандығын көрсеткені".
Ибн Нужаим
"Пасықтық--наданнан шығады".
А. Науаи
"Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Олар надандық, еріншектік және зұлымдық".
Абай
"Надандық, паңдық, тәкаппарлық, асқақтық не айтқызбайды".
Ғабит Мүсірепов
Надандықтың белгісі - адамның өзін--өзі мақтауы.
Би-шешендер сөзі
Желіден алынды