СҮЙЕК ҚОСУ

02 қыркүйек 2025 1546 0
Оқу режимі

Қазақта: “ сүйегі асыл, сүйегі жаман, сүйегі жасық, сүйек жаңғыртты, сүйекке таңба болды, сүйектен өтті, сүйек сырқыртату, сүйек қосу” тағы басқа сөздер көп.

Оның өте терең мағынасы бар.

Бұл сөздер өлік жөнелтуде де сүйекті оң жаққа қою секілді сөздер көп қолданылады.

“Сүйек қосу”. Сағаналап(сахналап) бір жерге аталас адамдарды бір жерге жерлеу. Әулет сүйегі шашырамасын деген ниет болған. Рухы жетімсіремесін, ұрпағын желеп-жебесін деген.

Сағана 6/4 не 8/6 етіп тұрғызылады. Оның тереңдігі кісі бойынан асады. Сағана қабырғасы жерден бір метрдей көтеріледі. Ол қалың жабылады. Ары қарай күмбез тұрғызылады. Сағана тереңдігі 2,5 метр қуыс болады. Оны тең ортасынан бөліп 1,5 метр биіктікте қабырға тұрғызады. Бұл қабырға мен төбе ортасында 1 метр ашық болуы кк. Түкпірдегі тұйық бөлме үшке бөлінеді. Бір бөлігіне ерлер, 2-әйелдер,3-балалар сүйегіне арналған. Сағанаға кіретін жеріне сәкілі бөлме болады. Сырттан осы бөлмеге кіретін есік болады.Сәкі сағананы беркі ұстайды және кебінделген сүйектің еті ағып кеткенше осында сақталып, таза сүйек болғанды жынысына қарай сүйектерге қосылады.

Ұлытау ауданы, Шеңбер кеңшарының батысына он шақырым жүргенде Мақаттың сағанасы мұндай скғанаға куә.

Мәшһүр Жүсіпте өзін осылай қойдырған. Сүйегі сартап болып 20 жыл сақталған. 1951 жылы коммунистер бұздырған.

Қырғыз эпосында Манас батырда осылай жерленген.

Ағыбай батыр, Құсбек төре, Бөкейхан әулеті осылай жерленген.

Үндістан, Иран, Палестина, Италия, Орта Азияда болған.

Сүйек қосу жыл санауға дейін ІІІ”мыңжылдықта “Гигамеш туралы эпос”, тағы мың жыл өткенде “Илиада” поэмасында көрініс тапқан. Сүйек қорлау болған.

Қазақтарда соғыста өлгендердің сүйегін қорлатпаған. Еліне жерлеген.

Бұл да ру-тайпаның ұжымдасу, шежіре, әруақ сыйлау тақырыбы жатыр.

“Өлі риза болмай, тірі көгермейді”-деген қазақ өліге көрсеткен киелі құрметі “сүйек қосу”.

 

Ақселеу СЕЙДІМБЕК

Пікірлер Кіру