ТАРИХИ САНА ҚАЛАЙ ТЕЗ ТРАНСФОРМАЦИЯҒА ҰШЫРАЙДЫ...

29 тамыз 2025 1281 0
Оқу режимі

Қазақ елі өте қауіпті екі жағалауда тұр. Сопы - салафи дилеммасы. Ашығы салафтар проамерикандық, сопылар проресейлік жағалауда. Сопылардың “мәді ертегісі” Ресей де, ал Мәді сарбазы - Путин! Орыс ориенталистикасы мен фсб конторлары “махди” құралын Ауғанстаннан шыққаннан бастап жүйелі платформаға айналдырды. Оған қоса күдік тумау үшін Украинаға Путин Даниловты қадап, христиан мұсылман сенім синтезін саяси спекулятивтік вертикалда қағып үлгерді. Ол қазыққа осы елден барып байланғандардың дені кешегі сопылар…

Тарихи сана қалай тез трансформацияға ұшырайды, ә? Осыдан жүз жыл бұрын осы киелі топырақты орыс колониязациясынан қорғау жолында шахид болған сопылар болатын. Ал Бүгінгі сопылар Ресей арқылы қорғануға көшті… Тарихи тұрғыдан да сопылық ислам діні аясында пайда болып еді… Енді бүгін нағыз сектаға айналды… Уахаби салафтар да экстремист фундаменталистер... жахандық жоба болатын. Міне жеткен жеріміз…

Негізі ҚМДБ бүгінгі елімізде саяси ислам категориясына кіретін “махди” елесі туралы фатуасы мен қатынасын таныту керек. Бұл діни мәселеден шығып, саясатқа айналып барады…

Не дейміз? Бұл орыс жахандық саясаты жемісі ме? Армагедон теориясының құбылысы ма?

Досай КЕНЖЕТАЙ

Пікірлер Кіру