2024 ЖЫЛЫ МЕШІТТЕРДЕ 22 301 АДАМ САУАТ АШТЫ (ФОТО)

05 қаңтар 2025 4645 0
Оқу режимі

2023-2024 оқу жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу орындарын 724 түлек бітірді. Оның 166-сы Нұр-Мүбарак университеті мен 469-ы Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді, 67-сі Қарилар дайындау орталықтарын тәмамдады.

«Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының Астана мен Алматыдағы 22 шәкіртіне ижаза куәлігі табыс етілді. Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтынан 201 имам оқып шықты. Діни сауат ашуға қатысқан жалпы жамағат саны – 22 301. «Намаз үйрену» курстарына 15789, ал құран жаттау курсына 6 050 шәкірт қатысты. 2024 жылы Діни білім және кадр даярлау бөлімі сауат ашу курстарына арнап мұғалім сәни және тәжуид ережелері, сондай-ақ «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсына арнап «Имандылық әліппесі» кітаптарын шығарды» дейді ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл.

Сонымен қатар діни оқу-ағарту бағытында имамдарға арналған 148 семинар-курс ұйымдастырылды. «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсында 37 441 бала тәлім алды, оның 26 150-і ұл, 11 291-і қыз бала. Бас мүфти тапсырмасына сәйкес орталық мешіттерде ашылған Хадистану курсына 7454 адам қатысты. Мешіт шәкірттері арасында Тәжуид, ақида, фиқһ, хадис, ислам тарихынан 326 білім сайысы ұйымдастырылып, 7884 шәкірт қатысты.

​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру