«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНДЕ 200 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

10 қазан 2025 811 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әлжан Ана» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының ұйымдастыруымен 200 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.

ҚМДБ-ның «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында өткен іс-шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық мәдениетін насихаттау. Іс-шара аясында бірінші кезекте көпбалалы, жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларға қажетті күнделікті тұрмысқа арналған азық-түлік өнімдері үлестірілді.

Мешіттің бас имамы қайырымдылық іс-шарасына атсалысқан барша жомарт жандарға алғыс айтып, «Қайырымдылық – иманның көрінісі. Мұқтажға қол ұшын созу – әр мұсылманның азаматтық әрі рухани борышы» деп ізгі тілек білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру