«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ 26 ӘЙЕЛ ШӘКІРТ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ (ФОТО)
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінде 26 қыз-келіншек Құранға түсіп, дәрістердің алғашқы легін аяқтады.
Осыған орай Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен шәкірттерді марапаттау рәсімі өтіп, арнайы алыс хаттар мен Құран Кәрім кітабы сыйға тартылды. Іс-шараға Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы қатысып, шәкірттерге ізгі тілегін білдірді. Құран оқудың артықшылығы мен сауабы жайлы айтып, шәкірттерді әрі қарай да білімін жалғастыруға үндеді.
Айта кетсек, Құран үйрену – мұсылман үшін ең абзал істердің бірі. Алла елшісі ﷺ: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің» деген. Сондықтан мұндай дәрістер әйел жамағаттың рухани дамуына, жүректердің нұрлануына және отбасындағы имандылықтың артуына үлкен ықпал етеді.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі