«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ВИКТОРИНА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)
24 қазан 2025
712
0
Оқу режимі
Республика күні мерекесіне орай «Әс-Сәлам» мешітінде «Жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен құптан намазынан кейін жамағат пен шәкірттер арасында сұрақ-жауап викторинасы өтті.
Іс-шара барысында мешіттің бас имамы Дастан Зияшұлы сира, ислам тарихы, фиқһ және Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар қойып, қатысушылардың білімін сынады.
Іс-шара соңында шәкірттерге дастархан жайылып, имам Дастан Зияшұлы жамағат пен жастарды Республика күнімен құттықтап, белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру