АСТАНА МЕШІТТЕРІ АРАСЫНДА «МЫҢНАН ТҰЛПАР» БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

27 қараша 2025 392 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Діни оқу-ағарту бағыты аясында «Мыңнан тұлпар» білім сайысы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елорда имамдары мен мешіт жамағаты қатысты.

Байқауға қалалық мешіттерден іріктелген командалар қатысып, өзара білім сайысына түсті. Қатысушыларға діни, тарихи және дәстүр тақырыптарында алдын ала дайындалған сұрақтар экран арқылы ұсынылып отырды. Командалар белгіленген уақыт ішінде нақты әрі дұрыс жауап беруге тырысты.

Сайыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы сыйлықтармен және арнайы марапаттармен наградталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру