«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ АЗАНШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

05 желтоқсан 2025 172 0
Оқу режимі

Бүгін қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа азаншы тағайындалды.

Мешіттің наиб имамы Жұманазар Садырханов жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығын оқып таныстырды. Ақсақалдар батасын беріп, азаншы қызметіне кіріскен Қуаныш Бәкенұлына сәттілік тіледі.

Сейтқанов Қуаныш Бәкенұлы

Білімі:

2012-2015 жж. аралығында «Сарыағаш медресесі» исламтану мамандығының түлегі.

2015-2018 жж. арылығында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы бойынша бакалавры.

2021-2023 жж. аралығында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы бойынша магистры.

Жұмыс тәжiрибесi:

2020-2022 жж. аралығында Түркістан обылысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш медресе колледжінің ұстазы және медресе жанындағы «Таяқты Ешан» мешітінің азаншысы қызметін атқарды.

2022-2025 жж. аралығында Астана қаласы Республикалық бас мешіттің азаншысы қызметін атқарды.

Отбасылық жағдайы: Үйленген. Үш ұлы бар.

Пікірлер Кіру