ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА «ДІНІМ – ДІҢГЕГІМ, ДӘСТҮРІМ – ҚАЗЫНАМ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

02 қараша 2025 218 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық дін қызметкерлеріне «Дінім – діңгегім, дәстүрім – қазынам» атты семинар өтті.

Семинарды ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағамбет жүргізіп, астана имамдарына дін мен дәстүр сабақтастығының маңызы, ұлттық болмысты сақтаудағы рухани құндылықтардың рөлі және қоғамдағы дін қызметкерінің мәдени бейнесі туралы кеңінен баяндады.

Басқосу барысында имамдарға қазақтың салт-дәстүрі мен діни ұстанымдарының өзара үйлесімділігі, ұлттық сана мен рухани тәрбиенің байланысы жайында нақты мысалдар келтірілді.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына қоғамда жиі кездесетін діни және әлеуметтік мәселелерді шешуде дәстүрлі Ислам құндылықтарын тиімді қолданудың жолдары түсіндірілді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру