НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІНДЕ 596-ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

10 қазан 2022 3420 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Мәуліт мерекесіне қатысып, «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Түрксіб аудандық «Мекке» мешітінің имамы, көп балалы әке Рахматулла Моллақағанатұлына 596-пәтер кілтін табыстады.

Бас мүфти: «Алла Тағала жаңа баспанаңыздың ішін жанға, сыртын малға толтырып, отбасыңызға берекелі ғұмыр нәсіп етсін» деген ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, аталған қайырымдылық жоба бойынша Алматы қаласында осымен 20-пәтер өз иесіне берілді. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру