ҚАЛА БАС ИМАМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРЕКШЕ ЖАНДАР КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
04 желтоқсан 2025
172
0
Оқу режимі
3 желтоқсан – Халықаралық ерекше жандар күніне орай, елордадағы «Шұғыла» мүмкіндігі шектеулі қарттардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру қоғамдық бірлестігінде Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Іс-шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысты.
Ерекше жандардың көңіліне қуаныш сыйлап, мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен жиын барысында жүрекке жылы тағылымды уағыз-насихат айтылып, қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар мен арнайы алғыс хат үлестірілді.




Пікірлер
Кіру