«ШЕЙХ КУНТА ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫНА ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)
18 қараша 2025
375
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Шейх Кунта қажы» мешітінің жамағатына «Раскажи мне об Исламе» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Закир Санху жүргізіп, жамағатқа Ислам дінінің негізгі құндылықтары, мұсылманның мінез-құлқы және дұрыс діни білім алудың маңызы туралы жан-жақты түсіндірді.
Семинар барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, пайдалы діни-тәлімдік ақпараттар алды. Жиын соңында жамағатқа рухани-танымдық әдебиеттер ұсынылып, жақсы тілек-дұғалар жасалды.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру