«УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ШЕТ ЕЛДЕРДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 мамыр 2024 3445 0
Оқу режимі

Қазан қаласында ұйымдастырылған «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумы аясында «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы шет елдік әріптестермен тәжірибе алмасу кездесулерін өткізді.

Одан тыс, жан-жақтан келген әр саланың мамандарымен байланыстар орнап, келешекте бірлесіп атқарар жұмыс жоспарлары талқыланды.

Сапар барысында РФ Татарстан Республикасындағы уақып жұмыстарына жауапты қызметкерлермен де арнайы жиын өтіп, табысты тәжірибе алмасу болды.     

​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру