ҚҰРБАН АЙТҚА ОРАЙ ТМҰ ПӘТУА КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

18 мамыр 2026 53 0
Оқу режимі

Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің онлайн форматта кезекті мәжілісі өтті.

Кеңес отырысына ҚМДБ тарапынан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Уағыз-насихат бөлімі Батыржан Берденұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрмашұлы мен Бауыржан Абдуали қатысты.

Басқосуға жиналған ғалымдар мен пәтуаға жауапты мамандар алда келе жатқан Құрбан айт мерекесіне қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады.

Отырыс соңында әр тарап алдағы уақытта күн тәртібіне қойылатын тақырыптар ұсынды.






Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру