Қала бас имамы 25 отбасыға қаржылай көмек табыстады

26 мамыр 2026 114 0
Оқу режимі

Қасиетті Арапа күні қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 25 отбасыға қаржылай көмек берілді.

Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлы «ТОО Тамаша Огнеупор» кәсіпорнының демеушілігін тілге тиек ете отырып, тиісті көмекті табыстады. Іс-шараның жүзеге асуына тікелей жауапты болған «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразхан қайырымдылық шарасының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысты.

Іс-шара барысында Арапа күнінің қадір-қасиеті, бұл күндері жасалатын ізгі амалдардың сауабы мен қоғамдағы жанашырлықтың маңызы жайында насихат айтылды. Бас имам өз сөзінде мұсылман үшін қайырымдылықтың тек материалдық көмек қана емес, жүректегі мейірім мен бауырмалдықтың көрінісі екенін атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру