Бес түрлі адаммен сөйлеспе!

11 наурыз 2019 10312 0
Оқу режимі

Имам Мұхаммед Бәкір: «Әкем имам Зәйнулабидин хазірет маған: «Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма», – деп насихат айтты.

–      Әкетай, айтқаныңызды құп алдым. Ол бес түрлі адамның қандай адамдар екенін білдірмес пе екенсіз?» – деп сұрадым. Сонда былай деп түсіндірді:

–      Пасық (Алланың бұйрықтарын орындамайтын) адаммен дос болма. Өйткені ол сені бір жұтым асқа, тіпті болар-болмас нәрсе үшін-ақ сатып кетеді.

–      Болар-болмас дегенді түсіндіресіз бе?» – деп сұрадым.

–      Айтпағым, қолы жетсе деп өлермендік танытып, бірақ қолы жетпеген нәрсе.

–      Әкетай, екіншісі кім?

–      Сараңмен дос болма! Өйткені ол қатты қиналған кезіңде дүниесін қорғаштап, сенімен араластығын үзеді.

–      Үшіншісі кім?

–      Өтірікшімен дос болма! Өйткені ол жақынды саған алыс етіп көрсетеді.

–      Төртіншісі кім?

–      Ақымақпен дос болма! Өйткені ол саған пайда тигіземін деп зиян тигізеді.

–      Әкетай, бесіншісі кім?

–      Жақын туыстарымен араласпай кеткен адаммен дос болма! Өйткені Құран кәрімнің тура үш жерінде бұндай адамның оңбайтындығы айтылғанын байқадым.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру