КҮШ ҚҰДІРЕТ ИЕСІ АЛЛА ТАҒАЛА

02 сәуір 2024 398 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ешкім естіген ауыр сөздерге Алла Тағаладан артық сабыр етуші емес. Өйткені, Оған (Аллаға) серік қосылып, балалы десе де (Оның баласы бар десе де) Ол (Алла Тағала) сол құлдарына да рызық, несібесін тоқтатпайды». («Сахих Мүслім»)

Алла Тағала Қасас сүресінің 71,72,73-аяттарында құлдарына деген мейірімін айтып, хамд пен мақтауға лайық екендігін білдіреді. Түн мен күндіздің үлкен тәртіппен бір-бірінің кезектесе келуін хикмет пен пайдасын, әсіресе бұлардың мейірімнің белгісі екенін меңзеп:

«(Мұхаммед а.с.) оларға былай деп айт: «Көрдіңдер ме? Егер Алла Тағала сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін Құдай кім? Естімейсіңдер ме?

Көрдіңдер ме? Егер Алла Тағала сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін құдай кім? Көз салмайсыңдар ма?

Алла, сендерге өз мәрхаметінен түнді тынығу, күндізді кеңшілігін (рызық) іздеулерің үшін жаратты. Әрине шүкірлік етерсіңдер». 

Міне Алла Тағала мұнда уәдесі мен ескертуін "надандықтан оянсын, істерін, сенімдерін, амалдары мен мінездерін дұрыстасын" деп құлдарына ескерткен. Бұл ескерту тек құлдарының пайдасы үшін ғана. Әйтпесе Алла Тағала құлдардың шүкіріне, құлшылығына мұқтаж емес.  

 

 

Пікірлер Кіру