«ТҮНДІ ЖАМЫЛҒЫ ЕТТІК»

31 қазан 2025 713 0
Оқу режимі

Алла Тағала Құранда «Нәбә» сүресінде: «Ұйқыларыңды дамылдап тынығудың бірден-бір жолы қылдық. Түнді (бейне бір) жамылғы, ал, күндізді тіршілік уақыты қылдық» дейді. Ұйқының пайдасы Алланың қараңғылығы арқылы болады. Америкадағы Аризона университетінің зерттеуші ғалымдары ғылыми зерттеулер нәтижесінде ұйқының қараңғылық уақытында адам денсаулығына пайдалы болатынын жәнеадамның иммунитетінің күшеюіне үлкен әсері бар екенін растады.

Сонымен бірге ғалымдар қараңғылықта адам ағзасынан сүт безі обыры мен простатит ауруларына қарсы тұруда рөлі зор – «мелатонин» гормоны бөлінетінін айтып өтті. Бұл зерттеулер ағзадан бөлінген мелатониннің рак клеткаларының дамуын тежейтінін анықтады. Жарық бөлмеде бұл гормон жұмыс істемейді екен.

Ғалымдар бұл Алла жаратқан табиғи ем қараңғы түнді пайдаланғанда ғана жұмыс істейді дейді. Қараңғылық – рактан белгілі уақытта ғана қорған болады. Қараңғы түн адам ағзасына белгілі бір гормондар бөлгені сияқты, күндізгі жарық та ағзағапайдалы басқа гормондарды (серотонин) бөледі. Бұл гормондар иммунитетті күшейтіп, ағзаны көптеген аурулардан қорғайды.

Құран Кәрімнің «Ғафир» сүресінде: «Ол – тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны емін-еркін көріп, тіршілік ете алуларың үшін күндізді жарық қылып жаратқан Алла» дейді. Жоғарыда айтылған түннің қараңғылық уақытының ең пайдалы уақыты – кешкі 22.00-ден бастап түнгі 01.00-ге дейінгі аралығы. Сондай-ақ кейде ұйықтасақ та, бөлмемімізге жарық қосыпнемесе қалта телефонының жарығына қарап жатып ұйықтау ағзада мелатониннің бөлінуін тежейтініне көзіміз жетті. Керек десеңіз, мұсылман ғалымдары асқа жиырма төрт сағат жарық жанып тұратын жердегі ферма тауықтарынан гөрі үйде асыранған түнде өз уақытында ұйықтап, күндіз жем жейтін тауықты пайдалануға кеңес береді.

Алланың заңынан еш кемшілік табылмауы ақиқат. Тек адам баласы сол заңдылыққа сәйкес өмір сүрсе, екі дүниеде бақытты болар еді.

 

Қуат ҚАБДОЛДА

 

Пікірлер Кіру