АЛЛА ЖОЛЫНДАҒЫ ӘУЛИЕЛЕРДІҢ НҰРЛЫ СӨЗДЕРІНЕН

28 қаңтар 2026 75 0
Оқу режимі

 Хазіреті Әбу Язид әл-Бистами қ.с. былай дейді:

+.  «Алланың сондай құлдары бар: кім оларға бір рет қана назар салса, сол адам мәңгі бақытқа жетеді, одан кейін ешқашан бақытсыз болмайды».

+.  «Дүние – өз адамдары үшін алдау үстіне алдауды жалғастырып жатыр.

Ақырет – өз адамдары үшін қуаныш үстіне қуаныш сыйлап жатыр.

Алланы сүю – Оны сүйгендер үшін нұр үстіне нұр төгіліп жатыр».

+.  «Отыз жыл бойы Алланы еске алғым келген сайын, Оны еске алуға тіл тигізерден бұрын аузыма су алып, тілімді жуатынмын – Алланы ұлықтағанымнан».

+. Бір адам одан: «Алланың ұлы есімі (Исму Ағзам) қайсы?» – деп сұрады. Ол былай деді: «Оның белгілі бір шегі жоқ. Ол – жүрегіңді Оның жалғыздығына толық босату. Егер сондай күйде болсаң, қай есімді қаласаң да сонымен жалбарын – сол есіммен шығыстан батысқа дейін жетесің».

+.  «Алланың сондай ерекше құлдары бар: егер оларды жәннатта Алланы көруден бір сәтке қалқаласа, олар жәннаттан шығаруды сұрап жалбарынады – тозақтағылардың тозақтан шығуды сұрағанындай».

+.  «Егер маған шапағат етуге рұқсат берілсе, ең алдымен маған зиян тигізіп, жапа көрсеткендерге шапағат етер едім, содан кейін ғана маған жақсылық жасап, құрмет көрсеткендерге».

+. Одан сүннет пен парыз туралы сұралды.

Ол: «Сүннет – дүниені тәрк ету, ал парыз – Мауламен (Алламен) бірге болу. Өйткені барлық сүннет дүниеден бас тартуға нұсқайды, ал Құранның барлығы Алламен сұхбаттас болуға шақырады. Кім сүннет пен парызды үйренсе, оның иманы кемелденеді», – деді.

+. «Арифтың (Алланы таныған әулие) ең төменгі дәрежесі – су бетімен жүру, ауада ұшу.

Ең жоғарысы – екі дүниеден де өтіп, Алладан басқа еш нәрсеге бұрылмау».

 

Bekzhan AZHIMOV

 

 

Пікірлер Кіру