«AL-FATTAH» МЕШІТІНДЕ АТАЛАР МЕКТЕБІ СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

23 қыркүйек 2025 875 0
Оқу режимі

«Al-Fattah» мешітінде дін мен дәстүр аясында «Аталар мектебі» клубының семинары өтті. Іс-шараға ақсақалдар, мешіт жамағаты және жастар қатысты.

Жиын барысында ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтардың сабақтастығы сөз болды. Ақсақалдар жастарға ата-баба жолын құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу жөнінде кеңес айтты. Сонымен қатар, қазақтың тұрмыс-салты мен тәрбиелік мәні жоғары әдет-ғұрыптарының бүгінгі күндегі маңызы талқыланды.

Жиында дін мен дәстүрдің өзара байланысы, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтау жолдары дәріптелді. «Аталар мектебінің» негізгі мақсаты – жас буынға өнеге қалдыру, ұлттық болмысты насихаттау және имандылыққа тәрбиелеу.

Пікірлер Кіру