«AQ MESHIT» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «КӨРШІҢЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛА» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

14 наурыз 2026 48 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Aq meshit» мешітінің ұйымдастыруымен «Көршіңе қуаныш сыйла» қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Игі бастама аясында мешіт қызметкерлері мен еріктілер тұрғын үйлерді аралап, қариялардың хал-жағдайын сұрап, ақсақалдар мен қарт аналардың көңілін көтерді. Олар қарттармен емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды, ал қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Аталған іс-шараның мақсаты – Рамазан айында көршіге қамқорлық көрсету дәстүрін жаңғыртып, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыру. Сонымен бірге адамдар арасындағы татулық пен бауырмалдықты нығайту.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру