Ақтөбеде 3 мешіттің құрылысы басталды (ФОТО)

18 маусым 2019 717 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби қажы Оспан облыста салынып жатқан 3 мешіттің құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің соңғы сенбісінде Т.Дәділұлы бастаған дін қызметкерлерінің қатысуымен Ақтөбе қаласының «Ақжар-2» тұрғын үй алабынан жаңа құрылыстың іргетасы қаланып, 700 орындық мешіт салу ісі қолға алынған еді.

Ал, қасиетті рамазан қарсаңында игілікті іс жалғасын тауып, 4 мамырда қаламен іргелес Бауырластар елдімекенінде 300 адамға арналған ғибадатхана құрылысы басталды. Жаңа мешіт құрылысын жергілікті жұртшылық болып жиналып, тұрғызуға ниеттеніп отыр.

Мешіт ішінде намазханадан бөлек, Құран оқытатын, неке қиятын бөлмелер мен сыныптар және ауласында имам үйі, т.б. болуын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: nurgasyr.kz

Пікірлер Кіру