АСТАНА ИМАМДАРЫ ЗИРАТ БАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

13 мамыр 2024 532 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы мен Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы екі үлкен зиратқа тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында өткен игі шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері және «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы мен мешіт жамағаты атсалысты. Игі шараға кіріспес бұрын Құран аяттары оқылып, қорымда жатқан барша әруақтар рухына бағышталды.

Мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру - жәй ғана міндет емес, ізгі амал. Осы ізгі амалды өскелең ұрпаққа көркем түрде насихаттау, дүниеде қадірлі болған мұсылман адамның қабірін аяқасты етпей, құрметпен қарау - бүгінгі шараның негізгі мақсаты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

 

 

Пікірлер Кіру