АСТАНА ҚАЛАСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

20 желтоқсан 2025 152 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының қатысуымен елорда мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды.

Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, Бас имам 2025 жылдың маңызды жайттарына тоқталды. Кейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов осы жылы атқарылған негізгі жұмыстарды баяндады. Оның ішінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай елорда мешіттеріндегі жұмыстар, одан бөлек өкілдіктің өз жоспары, сонымен қатар бекітілген бірқатар маңызды іс-шаралардың орындалу барысы сөз болды.

Есепті жиын аясында Бас имам елордадағы мешіт имамдарының атқарған жұмысы мен ұсыныстарын тыңдап, жұмысты жақсарту мақсатында келер жылға жоспарға енгізуді тапсырды.

Атап айтар болсақ ең негізгі ұсыныстар мешіт тазалығы, жамағатқа жағдай жасау, тозығы жеткен кілемдерді ауыстыру, мешіт ауласын жөндеу, су, жылу сынды негізгі қажеттіліктердің болуын қала бас имамы баса айтты.

Одан бөлек қала мешіттерінде ұстаздардың қатысуымен өтетін дәрістердің жүйелі өтуі, бейнесабақтардың жалғасуы, қайырымдылық бағыты, келе жатқан Рамазан айына дайындық барысы да осы жиында сөз болды.

Жылдық есеп толық талқыланған соң Бас имам мешіттердегі кадр мәселесіне мән беріп, имамдарға бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру