АСТАНА ҚАЛАСЫ «УАҚЫП» ҚОРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

24 қазан 2025 641 0
Оқу режимі

25 қазан – Республика күніне орай ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі мен «Уақып» қорының ұйымдастыруымен елордадағы Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының студенттеріне азық-түлік үлестірілді.

Игі іс-шараға «Уақып» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай және басқа да дін қызметкерлері мен еріктілер атсалысты.

Қайырымдылық – қоғамдағы мейірім мен ізгілікті арттырып, мұқтаж жандардың көңіліне қуаныш ұялататын игі амал. Бұл бастама халқымыздың бірлік пен бауырмалдыққа негізделген асыл құндылықтарын дәріптеп, ел ішінде ізгі істердің үлгісін көрсетуді мақсат етті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру