Ауыл жастары мешіт имамына арнап үй салуға кірісті

22 тамыз 2019 5412 0
Оқу режимі

Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылының имандылықты насихаттап жүрген ауыл жастары бүгінде ауыл мешітінің имамына  жаңа тұрғын үй салып жатыр, жақын арада пайдалануға беріледі, деп жазады kyzylorda-news.kz.

Ауыл жастары биылғы ораза айында көптеген қайырымдылық шараларының басынан табылып жүр. Бұған дейін 26 отбасыға 450 000 теңге көлемінде азық-түлектен көмек көрсеткен болатын.

«Бәріміздің үмітіміз жастарда. Жастайынан жағымды іске әуес болған бала есейіп, ержеткенде елдің перзенті боларына сенеміз. Ауыл үшін аянбай жүрген жастардың қайырымдылығын көргенде көңіліміз көкке жетеді. Алғыс айтып, бата бергеннен басқа айтарымыз жоқ», – дейді ауыл тұрғыны А.Киікбаева.

Дереккөз: kyzylorda-news.kz.

Пікірлер Кіру