Әйел-қыздармен рухани сырласу кеші өтті (ФОТО)

03 ақпан 2021 3483 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторы Ихсан ілімі аясында рухани сырласу кешін өткізді. Жиынға елорда ұстаздары, өнер майталмандары, кәсіпкерлер мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Кеш барысында ұстаздар тарапынан игі насихаттар айтылса, келген қонақтар өз саласына қатысты мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан викториналық сұрақтар қойылып, сергіту ойындары жүргізілді.

Айта кетсек, Әйел-қыздар секторы алдағы уақытта әлеуметтік желі белсенділерімен жұмыла отырып бірнеше шараларды атқаруды күн тәртібіне қойды. Олар діни ағарту жұмыстары, жат ағымның алдын алу және қайырымдылық бағыттағы іс-шаралар. Осы тұрғыдан бірнеше жоспарлар талқыланып ортаға салынды.

Кеш соңында келуші қонақтарға Әйел-қыздар секторы тарапынан әзірленген арнайы сыйлықтар мен лебіз хаттар табыс етілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру