«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

10 сәуір 2024 393 0
Оқу режимі

Бүгін мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі - Ораза айт мейрамы таңғы сағат 07.00-де Астана қаласының мешіттерінде құлшылықпен бастау алды.

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі айт намазына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы қатысып, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов айт намазына имамдыққа шығып, жамағатқа айт құтпасын жеткізді. Намаз соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, елімізде орын алып жатқан су тасқыны тезірек сейіліп, халқымыз амандық пен берекеде ғұмыр кешуін тілеп ақсақалдар батасын берді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Пікірлер Кіру