БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

18 желтоқсан 2025 130 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Сапар аясында Бас мүфти Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлымен кездесті.

Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, қоғамдық келісімді нығайту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастар арасында рухани-адамгершілік тәрбиені күшейту бағытындағы бірлескен жұмыстарға назар аударылды.


Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру