Бас мүфти Анкара келісімінің қорытындысы туралы сұхбат берді (ВИДЕО)

03 қазан 2019 4378 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркия сапарының қорытындысы туралы Анкара қаласында "Хабар 24" телеарнасына сұхбат берді.

"Біз Анкараға сапарымызда екі ел мұсылмандарының рухани орталығы болып саналатын Діни басқармалары арасында әріптестік байланысты арттыруға уағдаластық. Түркі әлемінің ойшылы әл-Фараби бабамыздың 1150, хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойлары аясында өтетін ортақ іс-шараларымыздың, діни-мәдени конференцияларымыздың жоспарын талқыладық", - деп атап өтті Бас мүфти.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Түркия дін істері басқармасында бірқатар келіссөздер жүргізіп, тәжірибе алмасты.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру