Бас мүфти Астанадан аттанған қажыларға ақ жол тіледі (ФОТО)

15 тамыз 2018 6344 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз астаналық қажыларды ұлы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза да қатысып, қазақстандық қажыларға сəт сапар тіледі.

"Қажылықтың өзіне тəн қиындықтары мен сынақтары болады. Әуежайдан бастап, елге қайтып келгенше түрлі машақатты бастан өткереміз. Сондықтан əр сынақты сабырмен қабылдап, төзімділік танытуымыз тиіс. Өйткені, сіздер Алланың жолында сапарға ниеттеніп, қажылық өтеуге бел будыңыздар. Алла баршаңызға қабыл болған қажылықты нəсіп еткей. Əмин", - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өз кезегінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза қажыларға ізгі ниетін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 145 қажы Астана-Жидда бағыты бойынша ұлы сапарға аттанды. 

Пікірлер Кіру