Бас мүфти Иордан елшісін қабылдады (ФОТО)

22 қараша 2019 4461 0
Оқу режимі

Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Иордан Хашимит Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Абделғанимен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы сан-салалы қызметі туралы баяндап берді. Басқосуда тараптар бүгінгі мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін арттырудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, елімізде әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі сөз болды.

Өз кезегінде мәртебелі мейман уақыт бөліп, арнайы қабылдаған Бас мүфтиге ілтипаты мен ізгі тілегін жеткізді.

Кездесу соңында Елші мен Бас мүфти рухани-ағартушылық бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру