БАС МҮФТИ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

10 ақпан 2023 1524 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада ашылған «әл-Фаттах» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Мұсылман – мұсылманға бауыр» тақырыбында жұма уағызын айтқан Бас мүфти жамағатты жақсылықта жарысып, елдің бірлігін, татулық, ынтымағын сақтауға шақырды. Қиналып жүрген мұсылмандарға жәрдем берудің, ең болмағанда дұғамызға қосып қоюдың маңызын тілге тиек етті.

Жамағатпен жұма намазын оқыған Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында қалып, қыршыннан қиылған екі қазақстандық – Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің рухына дұға бағыштады. Марқұмдарға Алла Тағаладан жарылқау тілеп, жер сілкінісінен зардап шеккендерге жеңілдік сұрады.

Пікірлер Кіру