Наиб мүфти жамағатпен жүздесті (ФОТО)

02 қараша 2019 5192 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр Астана» мешітіндегі  әр сенбі сайын өткізілетін «Рухани дастархан» жобасы аясында жамағатпен жүздесті.

Кездесу аясында наиб мүфти «Құрандағы мұсылмандарға тән жеті сипат» тақырыбында жиналған жамағатқа насихат айтты. «Мүминнун» сүресінде баяндалған мұсылмандарға тән сипаттар: иман келтіру, намазда іштей жалбарыну, бос нәрселерден аулақ болу, зекет беру, ұятты жерлерін күнәдан сақтау, аманат пен уәдеге адалдық, намазға ұқыптылық сияқты мұсылманның рухани келбетін қалыптастырып, жан дүниесін ізгілікке бастайтын қасиеттер туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

«Рухани жаңғыру» сатысындағы Ұлы Дала төсіндегі тәуелсіз  Отанымыздың  Мәңгілік ел болуы үшін азаматтардың рухани, мәдени сапасы жоғары болуы аса қажетті критерлердің бірі деуге болады. Азаматтардың бойында отансүйгіштік, адалдық, әділдік, жомарттық, арлылық, аманатшылдық, т.б. асыл құндылықтардың қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы өзекті діни мәселе болған жат ағымдардың жетегінен сақ болып, дінін сақтаған, дәстүрін ұстанған момын-мұсылмандардан болу үшін жоғарыда сөз етілген жеті құндылықтың өзіндік маңызы бар», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

4

5

6

7

10

13

8

14

15

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру