БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

09 наурыз 2024 449 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов Түркі Мемлекеттері ұйымы өткізген «Түркі елдері арасындағы рухани туризмнің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өткен аталмыш шарада ТМҰ Бас хатшысы Қубанычбек Өмірәлиев және т.б. Түркі мемлекеттерінен келген бірнеше делегат сөз сөйледі. Батыржан Берденұлы Діни басқарманың «Дархан дала» рухани жобасы жөнінде баяндап, атқарылған жұмыстарды таныстырып өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру