ІХ республикалық Құран жарысы өтеді

06 ақпан 2020 5728 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 17-19 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысы өтеді.       

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;

- үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;

- толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;

- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;

- үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;

- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Бас имамның ұсыныс хаты».

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деп айтқанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Болатханұлы

Дереккөз: azan.kz

Пікірлер Кіру