«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

26 наурыз 2024 385 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Мешіт ұжымы тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы аналарға рухани демеу білдіре отырып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған арнайы сөмкелерді үлестірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Рамазан-2024» жоспары негізінде Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде қайырымдылық шаралары өтіп келеді.

Возможно, это изображение 7 человек, люди стоят и текст

Пікірлер Кіру