МҮФТИЯТ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҒЫ (ФОТО)

07 сәуір 2024 310 0
Оқу режимі

Осы аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен мүфтият жастары Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен барды.

Іссапар барысында Діни басқарма жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшелері – ҚМДБ Қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол, Қажылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сырым Құрмаш, заңгер Нұрсұлтан Орынбек, сондай-ақ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан мен Сараптама бөлімінің маманы Нұрсейіт Омар Ақтөбе қаласы, Құмсай, Жаңабаз, Ойыл, Қобда, Жарық, Жиренқопа, Қанай ауылдарындағы жағдаймен танысты. Су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен кездесіп, халыққа басу айтты.

Сондай-ақ жастар Ақтөбе өңіріне келіп жеткен әлеуметтік көмекке атсалысып, киім-кешек, азық-түліктерді тұрғындарға жеткізуге жәрдемдесті. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру