Наиб мүфти «ХХІ - ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинарына қатысты (ФОТО)

15 тамыз 2018 7138 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Төле би аудандық «Нұр» мешіті тарапынан ұйымдастырылған «ХХІ - ғасырдың үздік зияткер имамы»атты семинарына қатысты.

Аталмыш семинарға ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов, Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық маслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, ҚР дизайнері, қолөнер шеберлері одағының мүшесі Әлмира Анарбекқызы, Иннавциялық лаборатория зертхана меңгерушісі Есенбеков Құрбанәлі Сераліұлы баяндама жасады.

Семинар барысында Наурызбай Тағанұлы діни басқарма тарапынан қабылданған төрт құжат негізінде жұмыс жасау қажеттігін, біліктілік пен білімді жетілдіру секілді мәселелерге тоқталды.

Аудандағы мешіттердің тыныс-тіршілігіне наиб мүфти оң бағасын беріп, қолға алынған жұмыстарды дамытып, жетілдіре беруді тапсырды.

Пікірлер Кіру