Наурызбай қажы Тағанұлы медресе ұстаздарын қабылдады (ФОТО)

28 маусым 2019 4878 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана» медресе-колледжінің ұстаздарымен кездесу өткізді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Әл-Азһар университеті арасындағы келісімге сай «Астана» медресесінде ұстаздық қызмет атқарған Али Абдуссамиг Али Абдурахман мен Сайд Мухаммед Ахмед Мухаммедпен қоштасу рәсімін өткізіп, ізгі тілекпен шығарып салды.

Айта кетейік, қос ұстаз да «Астана» медресе-колледжінде үш жыл бойы Құран сабағы, араб тілі мен хадис пәндерін өткізіп келген болатын. Келісім мерзімі аяқталып, медреседегі шәкірттерін қимай қоштасқан қос ұстаз үш жыл бойғы ыстық ықыластары мен құрметтері үшін қазақ жұртына өз алғыстарын жеткізді. Кездесу соңында ұстаздарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру